Риддер қаласында Астана күні мен домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қос мерекенің құрметіне Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен солистері өз өнерлерін Риддер жұртшылығына ұсынды.

Мерекелік шарағы жиналғандардың қарасы қалың. Мәдениет сарайында мерекелік көңіл-күй кіреберісінен бастау алған. Тұрғындар «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрін асыға күткен.

Мәдеиет сарайына жиналған жұртшылықты өңір қолөнершілері дайындаған түрлі әшекей бұйымдар мен қуыршақтардан құралған шағын көрме күтіп алды. Көрмеге өңір қолөнершісі Тамара Федорова да өзінің әшекей бұйымдарын ала келген. Тамара Борисовна өз бұйымдарын табиғи тастардан және бисерден тоқиды.

Шараға Риддер қаласының ақыны Галина Михайлина да келген. Ол 20-дан астам түрлі жанрдағы кітаптардың авторы. Халық арасында Алина Тайга деген атпен танымал қаламгер мерекелік шарадан қалыс қалмай өз туындыларын да ала келген.

 «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестры Риддер жұртшылығына ерекше концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік шара аясында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына іріктелген 9 отбасы марапатталды.

Сондай-ақ өңірдің БАҚ өкілдері және көпбалалы аналар күміс алқа, алтын алқа иегерлері де марапатталды. Кеште қаланың шығармашылық ұжымдары сахнаның сәнін келтірді. Өнерпаздардың өнері көрермен көңілінен шықты.