Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Mamma mia!» мюзиклінің премьерасы өтті. 1999 жылдан бері әлемнің 140-тан астам қаласында қойылған мюзикл көптің көңілінен шықты. Аталған шара Астана күніне орайластырылған.

Астана күніне орай қала тұрғындары әлемдегі ең танымал музыкалық спектакльді тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Шығармашылық ұжымдарға үнемі қолдау көрсететін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев та көпшілікпен бірге қойылымды тамашалады.

Бұл мюзиклдің өзгелерден ерекшелігі мұнда қойылымды бастанаяқ оркестр музыкамен демеп, әуезді әуенмен көрермен көңілін тербеп отырады. Қойылымда Швецияның «ABBA» тобының 22 хит әні шырқалды.

Бұдан бөлек, қойылымда «Жарғанат» опереттасы мен Айсұлу» операсының солистері Арника Байбусынова, Әсел Темірованың жетекшілігімен Халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан Өнер училищесінің аралас хоры да өнер көрсетті. Ал дәстүрлі аспаптық бөлімге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов жетекшілік етті.

Спектаклдегі диалог ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылды. Ал хит әндер түпнұсқада, яғни ағылшын тілінде орындалды.