Астана күніне орай Өскеменде «Шығыс кәдесыйы» атты қолөнер шеберлерінің облыстық фестиваль-байқауы өтті. Байқауда өңірдің шеберлері көпшілікке өз туындыларын ұсынды. Бұдан бөлек, тегін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Байқау өңірдегі өнер ұжымдарының концертімен басталды.Кейін қолөнер шеберлері кәдесыйлар мен бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, сатылымға шығарды.
Зоя Быкова 30 жылдан астам уақыт сәндік-қолданбалы өнермен айналысып келеді. Шебер табиғи материалдарды пайдалана отырып бірегей зергерлік бұйымдар жасайды. Қолөнер шебері ұлттық нақыштағы және заманауи стилде сөмкелер, төсеніштер мен сәндік әшекейлер жасайды.
Облыстық байқауға өңірдің түкпір – түкпірінен 40 тан астам шебер жиналды.