Өңірдегі су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында аймақтың құтқарушылары арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл жолы мамандар Бұқтырма су қоймасына барды. Демалушыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары, полиция және көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қоғамдық демалыс орындарын аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде. Басты мақсат - жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Су айдындарындағы демалыс орындарының өкілдері де азаматтардың қауіпсіздігін қадағалап жүр.

Аймақтағы ТЖД мамандары суға шомылу маусымы басталғалы 800-ге жуық рейд жүргізген. Нәтижесінде 14 азамат ҚР ӘҚБтК-ның 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.