С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген есептік кездесу өткізді. Ректор жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмысы, инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік мәселелері туралы баяндады. Сондай-ақ 2023-24 оқу жылындағы негізгі нәтижелерді талдап, университеттің алдағы даму жоспарын таныстырды.

Бүгінгі таңда С.Аманжолов атындағы ШҚУ үздіксіз педагогикалық білім беру орталығы саналады.Себебі, ЖОО 113 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайды. 68 бакалавриат, 33 магистратура және 12 докторантура. Университет өңірдің компанияларымен ынтымақтастығының, сондай-ақ еңбек нарығындағы жағдайды үздіксіз зерттеудің арқасында түлектерінің 98 пайызы жұмысқа табысты орналасуда.

Ал басты жаңалықтардың бір биыл Amanzholov University еліміздің үздік 5 көпсалалы жоғары оқу орындарының, сондай-ақ алғаш рет Times Higher Education 2024 беделді рейтингіне енді.

Университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы шараға қатысушыларға бір жыл ішінде университетте болған оң өзгерістер туралы, алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Университет басшысының баяндамасынан соң, оқытушылар мен БАҚ өкілдері өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.