Өскеменде «Art Gallery-2024» заманауи өнер көрмесі өтті. Онда белгілі суретші Дәурен Тасболатовтың туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Табиғаттың тылсым сырына жан бітіріп, бейнелеу өнерінің байырғы сипатын жаңғыртып жүрген суретшінің туындылары ешкімді бей жай қалдырмайды.
Дәурен Тасболатов - графикалық дизайнер, үздік заманауи суретші. Оның жұмыстары Forbes, медиа жұлдыздар тізіміндегі қазақстандықтардың жеке коллекцияларында сақтаулы. Сондай-ақ, халықаралық көрме алаңдарынада қойылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл көрме өскемендіктерді қазіргі заманғы суретшінің шығармашылығымен таныстырып ғана қоймай, «Мама Про» қорының жұмысына назар аударуға мүмкіндік берді.
Көрмені тамашалауға келгендер тек суретшімен ғана емес, өнертанушыларменде тілдесіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды.