Мемлекет басшысы қалалар мен аудан орталықтарын кең жолақты интернетпен қамту жөнінде тапсырма берген болатын. Президент пәрменін іске асыру мақсатында Глубокое ауданында игі бастама қолға алынды. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы келесі бейнематериалда.
Халықты қолжетімді интернетпен қаматамасыз ету мақсатында «Алма+» байланыс операторы Глубокое кентінде 2786 абонентті жоғары жылдамдықты интернетке қосты.
«Алма+» байланыс операторы 4400 теңгеден басталатын қолжетімді бағадағы тарифтердің кең таңдауын ұсынады. Байланыс арнасында 180 үздік ұлттық және шетелдік телеарналары қамтылған. Сапалы интернетпен қамтылған аудан тұрғындары интеренет желісінің үздік деңгейде жұмыс істеп тұрғанына ризашылықтарын білдірді.
Глубокое кентінде он мыңнан астам адам тұрады. Сапалы мобильді интернет пен байланысқа қол жеткізген кент тұрғындары басында оның сапасыздығына шағымданған. Қазір бұл мәселе біртіндеп шешімін тауып жатыр.
Қазіргі таңда «Алма+» байланыс операторы абоненттер үшін тиімді ұсыныс жасауда. Желіге қосылудың алғашқы 3 айында 50% жеңілдікпен интернет қоры беріледі.