Өскеменнің іргесіндегі Глубокое кентінде «Шахан-Ата» ЖШС шаруасын шалқытып отыр. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ торттарды өндіруге маманданған компания тек өз ауданына ғана емес, бүкіл өңірге танымал.
Глубокое кентіндегі «Шахан-Ата» өндірістік-коммерциялық фирмасының құрылғанына биыл 27 жыл толады. Серіктестікті Жаңабай Тәліпұлы Тастанбеков басқарады. Кәсіпорын нан-тоқаш өнімдерінің – 20, 40-тан астам тәтті-дәмді, 80-нен астам бисквитті-кремді торт, кондитер тағамдарының 100-ден астам түрін өндіреді.
Қызметкерлердің айтуынша, өндіріс орны ең озық технологиямен жабдықталған, қызметкерлер саны да жеткілікті.
Кәсіпорынның жалпы қуаты 1100 тоннаны құрайды. Бұл оның халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі 259 млн. теңгені құрады.