Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жол-көлік саласын дамыту жоспарларымен танысып, Бұқтырма су қоймасындағы Күршім көпір өткелінің құрылыс қарқынын тексерді.

Үкімет басшысына көпірдің барлық тіректері орнатылып, аралық құрылыстардың 20 металл конструкциясы дайындалғанын, оның 19-ы орнатылғаны жөнінде, хабарлады көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев хабарлады. Екі жолақты автокөлік көпірі Қазақстандағы су үстіне салынған ең ұзын құрылым болады. Оның ұзындығы 1 316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді. Бүгінгі таңда нысан 80%-ға дайын. Көпірді жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған. Бүгінде 7,7 шақырым төменгі жабын қабаты төселді.

Премьер-Министр жұмысты тезірек аяқтаудың маңызды екеніне тоқталып, көпір құрылысы жобасын іске асыру шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті. Үкімет басшысы Көлік министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, нысанды уақтылы іске қосуды тапсырды.