Глубокое кентінде жылу құбырлары жөнделіп жатыр. Отыз жылда алғаш рет қолға алынған кварталішілік жылу желілерін қайта құру жұмысы қызу. Ескірген құбыр желісін ауыстыру ісін жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарда, дейді жауаптылар.

Жұмыс жобасының мақсаты - кент тұрғындарын ыстық сумен және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп, кент халқының әл-ауқатын жақсарту. Кент тұрғындары үшін көшелердегі бұл жұмыс қуантарлық жағдай. Себебі, бәрі ойдағыдай болса, қыста үйлері жылы болатынына сенімді. Сол үшін осындай уақытша қолайсыздықтарға төзуге дайынбыз, дейді азаматтар.

Ауқымды шаруамен «Терезе» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысып жатыр. Қайта жөндеудің жалпы сметалық құны – 3,9 млн теңге.

Глубокое кентінің тұрғындары алда кентті абаттандыру, гүлдендіру жұмыстары қолға алынса, оған да белсене қатысып, кент басшылығына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін айтты.