Құтқарушылар «Орман» жедел-профилактикалық шарасын қорытындылады. Оның барысында орман аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге бағытталған түрлі шаралар кешені өткізілді. Бұл жайлы брифингте ашып айтылды.

ТЖД қызметкерлері мобильді топтар құрамындағы уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп орман аймағында 800-ден астам рейдтік шара өткізді. Нәтижесінде 32 ереже бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 26 азамат - өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, құтқарушылар орман аймағында орналасқан демалыс үйлерінің, сауықтыру лагерлерінің иелерімен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ақпараттық материалдар таратты. Айта кетейік, бүгінде облыс аумағында 8 орман өрті және 48,4 га алқапта 15 дала өрті тіркелген.

Сондай-ақ, өңірде ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оған облыстық ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығудың мақсаты – барлық ведомстволардың жедел іс-қимылдарын және олардың табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылын пысықтау. Сондай-ақ, мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтар орманда аса сақ болуды, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.