Таиландтың Си-Рача қаласында өткен тартысты додада өңіріміздің балуаны сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдемен оралды. Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтті. Азия чемпионатының жүлдегерін бапкерлері мен туыс-туғандары ыстық ықыласпен қарсы алды. Өңіріміздің атын шығарып, Қазақстанның намысын қорғап жүрген балуанды қарсы алуға әріптесіміз Қарақат Жақсылыққызы да барып қайтты.

Азия чемпионатынан жүлдемен оралған Айқын Болатұлын бапкерлері мен туыс-туғандары, достары арнау арнап, иығына шапан жауып құшақ жая қарсы алды. 15-19 шілде аралығында Тайландтың Си-Рача қаласында өткен Азия чемпионатында өңіріміздің спортшысы 70 келі салмақта ел намысын қорғады.

Тартысты бәсекеге еркін күрестен 57 келіден 97 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бозкілем шеберлері сынға түсті. Спортшымыз ирандық балуанмен қарсылас болып, күміс жүлдені қанағат тұтты. Дегенмен, Айқынды алда әлі талай жеңістер күтіп тұр, дейді ағасы.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қандай спорт түрі болмасын қолдау бар. Бапкерлер де аянбай еңбек етіп, ел намысын қорғайтын жас өрендерді тәрбиелеуде.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы Азия біріншілігінде екінші орынға табан тіреді. Мұнымен тоқтап қалмай спортшыларымыз алдағы уақытта әлі талай додаларда байрағымызды көкке желбіретпек. 