Шемонаихада «Shemonaikha Honey Fest» бал фестивалі өтті. Аудан әкімдігі ұйымдастырған шараның мақсаты – ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер арасында іскерлік қарым-қатынас орнату. Отандық өнім көлемінің артуына қолайлы жағдай жасау.

Дәстүрлі шара барысында өңірдегі омарташылар келушілерге өнімдерін ұсынды. Фестивальге келген жұртшылық тәтті өнімнің дәмін татып, таңдап жүріп өзіне ұнағанын сатып алды.

Өткен жылы Шемонаиха ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құны 45 миллион теңгеден астам соманы құрайтын 7 жоба мақұлданған.

Фестивальге өз өнімдерін ұсынғандардың бірі – Арман Табулдин. Ол «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін домалатып отырғандардың арасында Жадыра Ермекқызы да бар. Қолөнер шебері алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр.

Фестиваль соңы концерттік бағдарламаға ұласты.