Өскеменде араға 10 жыл салып, «Tour De Oskemen-2024» велеожарысы қайта ұйымдастырылды. 7-8 қыркүйек аралығында өткен сайысқа кәсіби және әуесқой спортшылар қатысты. Шетелден келген спортшылар да бар. Бірінші күні жарысқа қатысушылар Глубокое ауданы Бобровка ауылынан Нұртау демалыс базасына дейінгі жолды еңсерді.
Аяна Смағұлованың велоспортпен шұғылданғанына 1 жыл болған. Жас спортшы бағындырар белестеріміз әлі алда дейді. //кадр 00019//00024//
Спортшылардың жас деңгейі әртүрлі. Жарыста кәсіби және әуесқой спортшылар бақ сынады. Теміржан Әбдірахманов осыдан 10 жыл бұрын өткен дәл осы жарысқа қатысса, биыл екінші рет тартысты додада бақ сынамақ.
Негізінен мұндай шаралардың бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігі мол. Сондай-ақ, спортшылардың білілктілігін шыңдауға ықпалы зор.
Бобровка ауылына кіре берісте жарысты бастаған спортшылар Нұртауға дейін барып, ертесінде Өскемендегі Тәуелсіздік монументінен Республика алаңына дейінгі жолды жүріп өтті. Жеңімпаздарды Қазақстан Велоспорт Федерациясының президенті Райымбек Баталов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құттықтап, марапаттады.
Бұл күні сонымен қатар орталық алаңға жиналғандар Ұлан ауданы өнерпаздардарының концертін де тамашалады.