Дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Бұл туралы Президент өзінің халыққа Жолдауында нықтап айтты. Бүгінгі таңда экономиканың кез келген саласына инвестиция тарту маңызды. Облыста осы бағыттағы жұмыстар қарқынды. Бүгінде табысты жүзеге асқан жобалар да бар.

Облыста табысты жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаның бірі – «Аltai mai» ЖШС. Тәулігіне кәсіпорын 500 тонна күнбағыс өңдесе, жылына 160 мың тоннадан артың өнім өңдеуге қауқарлы.

Өндіріс іске қосылса, серіктестік тазартылмаған майды экспортқа, тазартылған майды ішкі нарықта саудалауды жоспарлап отыр. Бұл ретте екі жақты әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды қолданысқа енгізуде «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ да атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Әсіресе, өңірге инвестиция тартуда біраз шаруа атқарылды.

Өңірде инвесторларға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету жолға қойылған. Сонымен қатар облыстық басқарма «Инвестор картасы» жобасын әзірледі. Бұл инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда инвестициялық пулға тиісті жобалар таңдалып алынды. Оның ішінде шағын және орта бизнеске негізделгендері де бар.