Тарбағатайда 110 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді. Бұдан бөлек, тұрғындар баспанамен қамтылып, бірнеше нысанда абаттандыру жұмыстары іске асырылмақ.
Тарбағатай ауданында ілкімді істер қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, ауылдық округ орталықтарына апаратын автокөлік жолдары 100% асфальтталды.
Ауданда алдағы уақытта жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылып, ауыз су жүйесі жаңартылады. Әлеуметтік нысандар ретке келтіріледі. Абаттандыру жұмыстары да жүзеге асырылады. Мақсат - халықтың өмір сүру сапасын арттыру, деді аудан әкімі.
Ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін бірнеше бастама қолға алынған. Алдағы уақытта спорт алаңдарын қолданысқа беру көзделіп отыр.