Өткен жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заң күшіне еңген еді. Өңірлік комуникациялар қызметінде іске асқан шаралар жайлы Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы есеп берді.

Қабылданған заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады. Ол соттан тыс және сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шаралары. Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі ғана тапсыра алады. Яғни несие берушілер борышкерді банкрот деп тануларына құқығы жоқ.

Мәселен, өткен жылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға ниет білдірген азаматтардан екі мыңға жуық өтініш түскен. Ал оның тек 400-ге жуығы ғана қабылданған.

Биыл 800 өтініштің 172-і қабылданған. Заң жобасының мақсаты – бекітілген талапты бұзғаны үшін тиісті әкімшілік жауапкершілікті белгілеу.