Өскемендегі 23-шағын ауданындағы тұрғын үйлерге талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш шаруа «Fаst Line» ЖШС атқарылуда. Жоспарға сәйкес, өтініш берілген барлық баспаналар интернет желісімен қамтамасыз етілмек.
Осыған дейін 20, 21, 23, 25 шағын аудандарына талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту арқылы, үйлерді интернетпен қамтамасыз ету жөнінде өтініштер келіп түскен. Былтырдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Fаst Line» ЖШС қос аспалы тіректерді қолдана отырып, сымды интернетті дамытуда. Бұл оператордың баға саясатын бірнеше есе арзандатады дейді мамандар.
Облыс бойынша барлығы 2000-ға жуық үй жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады. 23-шағын ауданының тұрғыны енді ғаламтордың игілін көретін болдық деп қуанды.
Бұған дейін «Fаst Line» ЖШС Шемонаиха, Глубокое, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандарында талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстарын жүргізген болатын.