Өскемендегі облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аймақтағы құрылыс басқармасының мәліметінше қайта жаңғырту хирургия корпусының 1, 3 қабатын қамтиды. Шілде айында басталған жөндеу жұмсытарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін орталық жаңа кейіпке енеді. Себебі, ішкі жөндеу жұмыстарымен қатар ғимараттың қасбеті де толық жөнделеді. Бұдан бөлек, жаңа бөлімшелер де ашылмақ. Атап айтсақ, маммологиялық және эндоскопиялық орталық, заманауи хирургия, сондай-ақ фармация бөлімі емделушілерді жөндеу жұмыстарынан кейін қабылдайтын болады.

Барлық емдеу шаралары халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі. Бөлімшелер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жөндеу кезінде де орталық пациенттерді қабылдауды тоқтатпайды. Арнайы комиссия дәрігерлер мен емделушілердің қозғалыс бағыттарын белгілеп қойды.