Биыл 1 наурызда алғаш рет елдің барлық аймағында өңірлік кадрлық резервке іріктеу басталған болатын. Қазіргі таңда іріктеудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Мақсат-жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту. Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысты.

Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Құжаттарды қабылдау, заңнама мен жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу, құзыреттерді бағалау, құрылымдық сұхбат және өңірлік кадр комиссиясының отырысы.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жүргізіліп жатқан жоба жас басқарушылар пулын қалыптастыруға және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тартуға бағытталған.

Іріктеудің соңғы кезеңінде 20 азамат резервке алынады. Өңірлік резервте болу мерзімі-2 жыл. Олар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.