Парижде өткен олимпиадаға қатысқан шығысқазақстандық спортшылар елге оралды. Спортшыларды Өскемендегі әуежайда жанкүйерлері мен туған-туыстары қошеметпен қарсы алды. Ел намысын қорғаған атлеттер жайлы тілші бейнематериалында.

Елге оралған спортшылар қатарында семсерлесушілер Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая, таеквондошы Батырхан Төлеуғали бар.

Жазғы олимпиада ойындарында таэквандодан ел намысын қорғаған Батырхан Төлеуғалидың жеке бапкері әлі бағындырар белестеріміз алда дейді.

Ал ұлттық құрама сапында үздік нәтиже көрсеткен спортшы жерлесіміз - Руслан Курбанов. Ол жекелей сында алтыншы орынға табан тіреген болатын.

Өңір спортшылары алдағы уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына дайындықты бастайды.