Өскеменде XXII Халықтық спорт ойындарының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шара Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына кешенде ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, халықтық спорт ойындары екі қалада өтеді. Алғашқысы 12-16 тамыз аралығында Зайсан қаласында ұлттық спорт түрлерінен, ал 18-23 тамыз аралығында қатысушылар Өскеменде бұқаралық спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Ұлттық спорттық рухты дәріптейтін халық ойындары пандемиядан кейін араға 5 жыл салып қайта жаңғырды. Жарысқа облыстың түпкір-түпкірінен іріктеліп келген 13 команда қатысып жатыр.

Қатысушылар спорттың 22 түрі бойынша сынға түседі. Халықтық ойындарға екі мыңға жуық спортшы қатысады.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға облыс әкімінің алғыс хаты, Құрмет грамотасы табысталды. Шарада Парижде өткен Олимпиадада ел намысын қорғаған семсерлесушілер Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов, жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая және құрамадағы ең жас спортшы, таеквондошы Батырхан Төлеуғали қаржылай марапатқа ие болды. Руслан Құрбанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олимпиадаға қатысушылар халықтық спорт ойындарының алауын жақты.

Бұдан бөлек, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға спорттағы жоғары жетістіктері мен өңірдегі аталған саланың дамуына қосқан үлесі үшін жаңа көліктің кілті табысталды.