Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасын тапты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көпбалалы отбасының бірінші сыныпқа баратын балаларына оқу жылына қажетті заттарды сыйға берді.

Жыл сайын игі іске атсалысатын департамент ұжымы жақсылық жасауды дәстүрге айналдырған. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына барынша қолдау көрсетуге тырысады. Балаларға қуаныш силау, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттыру, білім жолындағы сапарларының сәтті болуына аз да болса қолдау көрсету ұжымның басты мақсаты. Сондықтан жыл өткен сайын дәстүрлі акцияға атсалысушылардың да қатары артып келеді.