Облыс орталығына Астанадағы Ұлыбритания елшілігінің бизнес және сауда департаментінің директоры, бірінші хатшы Бэт Мэй Маккендрик келді. Мақсат – өңірдің әлеуетімен танысу және түрлі саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапановпен кездесуде Бэт Мэй Маккендрик британдық инвесторлар өңдеу өнеркәсібі, туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Дархан Сапанов Шығыс Қазақстанның бай табиғи ресурстары туралы айтып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Шетелдік қонақтар аймақтағы кәсіпорындар мен өзге де нысандарды аралап, жақынырақ таныспақ. Бұдан кейін, қос тарап алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.