Облыста мектеп оқушылары арасында өткен дәстүрлі көпкүндік «Қазақстан оқушысы-2024» веложарысы өз мәресіне жетті. Ауқымды додада 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Қорытынды бойынша, бірінші орынды Алматыдан келген велошабандоздар қанжығасына байлады.
Қатысушылар сайыстың әрбір кезеңінде 90 шақырым жолды жүріп өткен. 54-ші рет ұйымдастырылған дода жоғары деңгейде өтті.
«ALMATY CYCLING TEAM» құрамасының жаттықтырушысы бұл сайыста табандылық керек дейді.
Ал ұйымдастырушылар жағы алдағы уақытта шараның өрісін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте үшінші орын Шымкен қаласының құрамасына бұйырды. Солтүстіктен келген велошабандоздар екінші орынды еншіледі. Ал «Almaty Cycling Team» командасына сайыс жеңімпазы атанды.