Өскемен – ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын үлкен өнеркәсіптік орталық. 30 тамыз шырайлы шаһардың туған күні. Биыл айтулы күн ауқымды деңгейде тойланды. Тамыз айының 26-ы жұлдызынан басталған мерекелік шаралар 30-на дейін жалғасты. Эстрада жұлдыздары келеді, қызықты ойындар ойнатылады.

26 тамыз күні Достық үйінің алдында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Қала тұрғындары 80-90 жылдардағы ретро-стильде киініп, тұрғындар ностальгияны сезінеді.

Ұйымдастырушылар спорт сүйер жандарды да назардан тыс қалдырмады. Амфитеатрда «Ұлы дала батырлары» атты жекпе-жектен жарыс өтеді. Облыс орталығына әлемдік деңгейдегі спорт майталмандары келеді.

27-тамызда «OSKEMEN STARS» және «Кел сөйлесейік» жобаларының ақтық кезеңі ұйымдастырылады. 28-ші тамызда «WHITE PARTY» атты интерактивті кешіне, ал, Астана көшесінің бойындағы жағалауда егіздер мен аналар шеруіне куә болуға болады. Жағалаудың салтанатты ашылу рәсімі 29-шы тамызда өтеді.

 «Мисс Өскемен-2024» байқауы 30 тамызда өтеді. Қала күнін мерекелеу үлкен отшашумен аяқталды.