Өскемендегі Согра кентінде балаларға арналған тау-шаңғы базасының құрылысы қарқынды. Тың бастама жас өрендердің салауатты өмір салтын ұстануына және өңірде қысқы спорт ойындарын дамытуға серпін бермек. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған.Ал оны қолданысқа беру жыл соңына жоспарланған.

Тау-шаңғы базасының аумағы 13,6 гектарды құрайды. Нысан жоспарына сәйкес мұнда әкімшілік ғимарат салынады. Ғимарат ішінде қысқы спорт тұрімен айналысуға керектінің бәрі бар.

Мамандар құрылыс жұмыстары кестеге сай жүзеге асып жатқанын айтады.Қазіргі таңда ғыимаратта ішкі және сыртқы әрлеу жүріп жатыр. Инженерлік желілер тартылуда.

Тау-шаңғы базасының құрылысы аймақтағы туризм саласының дамуына да жол ашады.