Әлемдегі уранның 40 пайызы Қазақстанда өндірледі. Ал табиғи қоры жағынан Австралиядан кейін екінші орында. Дүниежүзі бойынша барланған кен орындарының 13 пайызына иелік етеді. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында уран таблеткаларын шығарудың толық жүйесі іске қосылған.

Дегенмен қазір Қазақстан тек Қытайға ғана жылу бөлетін жинақтарды экспорттайды. Биыл төмен байытылған 240 тонна уран экспортталған. Бұл зауыт Орталық Азиядағы ядролық отын өндірісін жолға қойған ірі кәсіпорындардың бірі саналады.

Уранмен жұмыс істейтін зауытта бүгінде 4 мың адам еңбек етеді. Атом өнеркәсібі саласында жас мамандарды даяралуаға дайын.

Қазір зауыт француздық дизайндағы жылу бөлетін құрамаларын шығарады. Егер станция салынып, отынның осы түрі таңдалса зауыт тек өндірістік қуатты ғана арттырмақ.