Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өз жұмысын бастады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асқан бастама Алтай ауданындағы «Балақай» спорттық-сауықтыру орталығында өтуде. Лагерьге ҚХА, этномәдени бірлестіктердің, халықаралық жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері және блогерлер қатысуда.

Жобаның мақсаты - жастар арасындағы достықты нығайту, мәдени әртүрлілік қағидаттарына негізделген қауымдастық құру. Лагерьде еліміздің әр өңірінен жиналған жастар мен Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан келген қандастар да бар.

Шараны жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Оған белсенді жұмыс істеп, ерекше көзге түскен жастар жиналады.

Аркадий Побединский Жезқазған қаласынан келген. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді. Домбыраның құлағында ойнайды. Қазақ аулында өскен Аркадий ұлттық өнерді дәріптеп, бүгінде музыкалық колледжде білім алуда.

Үш күнге жоспарланған лагерь бағдарламасы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған. Пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылады. Туристік сапарлар(да жоспарланған.