Өскеменде 19-24 тамыз аралығында ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кинологтары арасында көпсайыс өтеді. Шараға 7 әскери бөлімнің ең мықты кинолог-мамандары қызметтік іздестіру иттерімен қатысады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Кинолог итімен спорт залда, автокөлік пен жүк көліктерінде жасырынған есірткі, қару, жарылғыш заттарды сайыс ережесіне сай дәл табуы қажет.
Дәстүрге айналған дода осы жолы ҚР ҰҰ 6699 әскери бөлімінде өтіп жатыр. Сайысқа қатысушылар Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген. Қызметтік иттер кинологтардың әріптесі ғана емес өмірлік серігіне айналған.
Ал 3477 әскери келген Мерхат Қасымхановтың Шара есімді қызметтік иті жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған. Ол осыған дейін бірқатар сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып үлгерген.
Қырағылық танытып, жауапты шаруаны атқарып жүрген кинологтар әрі қарай да ел тыныштығы үшін адал қызмет атқара бермек.