Жаңа Бұқтырма кентіне жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылды. «Alma+» телеком компаниясының қызметін пайдаланып отырған тұрғындар интернеттің игілігін көруде. Аймақтағы цифрландыру және архивтер басқармасы аталған мекеме арқылы өңірдегі шалғай елдімекендерді ғаламторға қосуды жоспарлап отыр.

Интернеттің игілігін көріп отырғандардың бірі - Анна Махальская. Ғаламтор пайда болғалы оның мүмкіндіктерін емін-еркін қолданып жатырмыз -деп риза.

Жаңа Бұқтырма кенті шығыстағы туристік аймақтардың бірі. Мұнда демалуға келетін азаматтарды сапалы байланыспен қамту маңызды. Мұндағы тұрғындар үшін де бұл игі бастама. Себебі, мақсатқа қол жеткен соң кенттегі ағайынның бірқатар мәселесі шешілді. Мәселен, шаруашылықтар соңғы технологияларды енгізеді, білім мен медицина сапасын арттыруға жол ашылады, мемлекеттік қызметтер саласын дамыту ісі ілгерілейді.

Желіде ақау пайда болса мамандар бірден оның себебін анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Интернеттің тұрақты әрі сапалы қызметі мекеме қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.