Өскемендіктер қала күнін биыл кең ауқымда тойлап жатыр. 24-ші тамызда басталған мерекелік шаралар 30 тамызға дейін жалғасады.. Шаһардың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кештердің бірі «White Party» туралы келесі бейнематериалда.

 «White Party» - жастардың талабы. Бұл жерде ақ киім киіп, жай жүрмейсің. Түрлі ойындарға қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайсың.

Көңілді кешке жианалғандардың қарасы қалың. Басым көпшілігі арнайы заңдылықты сақтаған. Солардың бірі - Мария Чайковская.

Қала қонақтары мен тұрғындардың көңіл-күйін көтеру үшін шараны барынша түрлендіруге тырыстық, дейді ұйымдастырушылар.

Жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылатын шарада облыс орталығының өнер ұжымдары тұрғындарды әсем әнге бөледі, мың бұрала биді де биледі.