30 тамыз – мемлекетіміздің басты құжаты Ата заң қабылданған күн. Тәуелсіздік пен еркіндіктің, бірлік пен тұрақтылықтың тірегі саналатын мемлекеттік құжат бүкіл халықтың ерік жігерінің көрінісі саналады. Атаулы күнге орай Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада арнайы шара ұйымдастырылды.

Конституция күні - мемлекеттік мереке. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданған болатын. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып бекітілді. Өскеменде атаулы күнге орай салтанатты шара өтті.Жиынға ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Олар ата заң тарихымен терең танысты.

Кез-келген зайырлы мемлекеттің тірегі де, сүйенері де – Ата заңы. Себебі, Конституция – әрбір елдің кедергісіз дамуына, азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуына кепілдік беретін басты құжат.

Кітапхана қызметкерлері заң тақырыбын тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлімінде жиі қозғау керектігін тілге тиек етті.