Өскеменде «Адал азамат – белсенді қоғам» тақырыбында ашық есік күні өтті. Жобаның мақсаты – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту. Халықтың билікке деген сенімін арттыру.

Адал азамат – белсенді қоғам. Шараға үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар, заңгерлер және сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар халықтың құқықтық сауатын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.

Ашық есік күніне қатысушылар орталықтың мақсаты және міндетімен танысты. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы іс-қимылдың құқықтық аспектілерін талқылады. Әлеуметтік және азаматтық бастамаларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алды.

Жиын барысында кеңесшілер түрлі мәселемен келген азаматтарға көмек көрсетті.