Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Дәл қазіргі кезде азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеу талабына сәйкес, жергілікті салалық департаментте іріктеу жүргізіліп жатыр. Әскерге шақырту алғандардың алғашқы легі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Қазіргі уақытта қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының жұмысы қызып тұр. Әскерге шақыру науқаны жыл соңына дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында еліміздің Қарулы Күштері 18-27 жас аралығындағы 800-ге жуық шығысқазақстандық жас сарбазбен толықпақ.

Сарбаздар медициналық комиссияның бақылауынан, психологиялық тесттен өтеді. Бүгінде әскерге шақырылғандар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң олар ЖОО-на білім алуға мүмкіндік алады.

Дәрігерлік комиссияның оң ұйғарымын алған сарбаздар тиісті әскери бөлімдерге бөлінген. Олар Отан алдындағы борышын ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, Қарулы Күштер қатарында, Ұлттық ұлан мен ТЖМ сапында өтейді.