Аймақта «Тіл рухани қазына» атты фестивалдің қортындысы шығарылды. Шарада мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан азаматтар ҚР ғылым және жоғары білім министірінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Салтанатты шараға әріптестерімде барып қайтты.

Шараның мақсаты - тілдерді дамыту саласына еңбек етіп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру, ұлттық-мәдени бірлікті нығайту.

Шарада тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және оның қолданыс аясын кеңейтуге қосқан үлестері үшін марапатталды.

Марапатталғандардың бірі - Тарбағатай ауданынан келген Евгения Гунько. Мамандығы кітапханашы.Бұдан бөлек, қазақтың ұлттық спорты қол күресінен де жетістікке жеткен. Қазақ тілін бала күннен жанына серік еткен Евгния Гунько жаттығу сабақтарында мемлекеттік тілде өткізетінін айтады.

Салтанатты шара аймақ өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Шарада “Ана тілің - арың бұл” поэтикалық композиция, “ Тіл - рухани қазына” атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері де бұл кештен шет қалмады.

Тіл - анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын баға жетпес асыл қазына. Тілді қастерлеу, оны заман ағымына сай қолдану аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату әрбір қазақстандықтың борышы.