Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Анжела Горностаева мен халықтық штаб мүшесі Жадыра Закарина облыс орталығында медицина саласының мамандарымен кездесті. Басқосуда елде энергетика саласын дамыту жайы талқыланды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылған басым бағыттар жайы да сөз болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей қазіргі таңда елде энергетика саласын дамыту қажет. Себебі, экономика күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады.
Кездесуде медицина саласының өкілдері энергетика саласына қажетті мамандарды даярлау, халықаралық тәжірибе төңірегінде сауалдарын жолдап, пікір алмасты.
Талқылау барысында түсіндіру жұмыстарынан бөлек медицина қызметкерлері жаңа технологиялардың қауіпсіздігі мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Сондықтан елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет.