Облыста «ҚР азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы: жағдайы мен келешегі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Шараға өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, сараптамалық-академиялық қоғамдастық өкілдері, волонтерлер және Астана мен Алматы қалаларынан келген сарапшылар қатысты. Жиында тұжырымдаманы іске асырудың екінші кезеңі талқыға түсті.
Күн тәртібінеде азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңінің нәтижелері тыңдалып, тұжырымдамаға енгізу үшін өңірлік қауымдастық тарапынан айтылған ұсыныстар талқыланды.
Шараға қатысушылар баяндама жасап, ұсыныстарын ортаға салды. Солардың бірі - Юлия Натарова. Ол қоғамдық ұйымдарға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажет деп отыр.
Мұндай шара облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Келесі кезекте елдің өзге өңірлерінде де осы тақырыпта пікірталас ұйымдастырлып, атқарлыған жұмыстың қортындысы шығарылмақ.