Облыс әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Жылу мәселесі, кәсіпкерлікті дамыту, құрылысы әлі аяқталмаған әлеуметтік нысандар жайы да сөз болды. Бұдан бөлек, өңір басшысы Үлкен Нарын ауданының әкімін тағайындады.

Әкім тағайындау үшін Үлкен Нарын аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Депуттар бірауыздан келісім беріп, жаңа басшы таңдалды. Бұл лауазымға осыған дейін Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарған Елдос Байрахметов тағайындалды. Ол 1990 жылы осы аудандағы Балғын ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары түрлі қызметтер атқарған.

Бұдан кейін Ермек Беделбайұлы аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Жаңа ауданның дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды талқылады. Оның ішінде, өнідіріс саласын дамыту керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, ет өнімдері болсын, бау-бақша өнімдері болсын сырттан алынбай осы жерде дайындалып, қолданылса деген пікірін білдірді. Ол үшін кәіспкерлерге мемлекет тарапынан әрқашан қолдау бар екенін жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі жаңадан құрылған аудан әкімдігінде, мемлекеттік мекемелердегі маман жетіспеушілігіне тоқталды. Бүгін аудан орталығында 36 маман жұмыс істейді. Бұл барлық кадрлардың тек 50% ғана. Мәселені шешу үшін конкурс жарияланып, аудандағы мемлекеттік органдардың кадр құрамын толық жасақтауды үшін жедел шаралар өткізілу керек.

Аудандағы интернет мәселесі қоғалды. Облыс әкімінің айутынша, Үлкен Нарын ауданы 84 пайызға интернет желісімен қамтылған. Оның өзінде интернет жылдамдығы мен сапасына қатысты көп шағымдар түсетін көрінеді. Бұл проблемада шешімін табу үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапары барсында облыс әкімі аудандағы жөндеуден өткен қазандықтар жұмысымен танысты. Аудан әкімі, Елдос Байрахметовтың сөзінше, бүгінде үш қазандық жылыту маусымына сақадай сай тұр. Ал төртінші қазандықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына қарай, қазандықтар толығымен жөнделіп, 1-қазанда жылу беріле бастайды.

Сондай-ақ, Ермек Көшербаев аудандағы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша құрылысы жүріп жатқан баспаналарды қарап шықты. Аудандық аурухананың жұмысымен де танысты.