Ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келе жатқан Самар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші тұрақты. Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын қолға алған екі шаруашылық өз жұмысын дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек 66166 гектар жерге егін егіп, нәпақасын тауып отырған шаруалардың да жұмысы жүйелі. Бұдан бөлек, туризм саласында да ілкімді істер қолға алынды. Сарыбел және Новостройка ауылының шекарасын шегелеп, инвестиция тарту мақсатында аудан басшылығы тыңғылықты шаруа атқаруда.
Аудан әкімінің міндетін атқраушы Жасұлан Талғатұлы биыл шаруалар 637 миллион теңгеден астам соммаға 31 техника сатып алғандығын айтты. Бұл көлік паркін жаңартуға ықпал етті. Биыл суармалы жер көлемі 500 гектарды құрады. Болашақта оның көлемін ұлғайту жоспарда бар. Бұдан бөлек, диқандардың өнімі мол. Түсім жақсы.
Қазіргі кезде ауданаралық жолдар жөнделіп, Көкжота, Қаракөл, Құлынжон және тағы басқа ауыл жолдарына асфальт төселді. Жарықтандыру жұмыстары да жүзеге асуда.
Экономиканың дамуына серпін беретін өнрекәсіп саласындағы өндірілген өнім үлесі биыл 5 млрд. теңгеден асты. Мәселен, балық өңдейтін зауыт өнімдері еуропа елдеріне экспортталады. Ішкі нарықты да қамтамасыз етеді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы да табысты жүзеге асуда. Тұрғындардан 80-ге жуық жобаға өтінім түскен. Қаржы бөлініп, жобалар мақұлданса, бұл да аудан экономикасының дамуына сеп болмақ.