«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру мақсатында республика бойынша қолдауды қажет ететін 943 нысаналы мектеп анықталды. Оған аймақтағы 25 білім ошағы енді. Осыған орай Өскеменде «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында білім ордаларының директорларына арналған семинар басталды.
Семинарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев алғы сөз сөйледі. Ол «нысаналы мектептер» жобасының негізгі мақсаты – артта қалған немесе кемшіліктері көп білім ошақтарын дамыту және қайта жандандыру екендігін айтты. Өңірден іріктеліп алынған мектептердің біреуі Өскеменде болса, алтауы Риддерде. Ал, қалғандары аудандарға тиесілі. Олардың арасында Зайсанның үш мектебі бар.
«Нысаналы мектеп» жобасы – нақты қадамдарға негізделген бастама. Сағыр ауылы А.С.Пушкин атындағы мектептің директоры Айгүл Сағиева тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін тыңбай етіп жатыр.
Бұл жобаны іске асыру аясында нысаналы мектептердің үлесін 2028 жылға дейін 32%-дан 15%-ға дейін төмендету көзделген. Жиынға 60-қа жуық маман қатысып жатыр. Семинар үш күнге жоспарланған.