Алтай ауданындағы Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауыты 1969 жылдан бері жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен қамтып келді.Алайда, 1990 жылдан бастап кәсіпорын басшылығы бірнеше рет ауысып, жұмысы тоқтап қалды.Қазіргі таңда мекеме коммуналдық меншікке өткен. Алтайға барған өңір басшысы Ермек Көшербаев өндіріс орнының қазіргі жағдайымен танысты.

2021 жылы бұл зауыт коммуналдық меншікке берілген. Ал, биыл «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жарғылық капиталына өтті. Кешеннің жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Зауыттың қарамағында 24 өндірістік және қосымша корпус бар.

Алтай ауданының тұрғындары кәсіпорын таяу арада іске қосылса, жаңа жұмыс орындары ашылар еді деп отыр.

Өндіріс орны іске қосылса, бұл нысанға мәдени-демалыс орталығы мен көші-қон қызметін орналастыру жоспарланған. Бұдан бөлек, Серебрянск технологиялық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана да салу көзделіп отыр.

Кәсіпорынның аумағын ретке келтіру үшін үш техника мен қырыққа жуық адам жұмылдырылған. Ал, құрылыс жұмыстарына 250 азаматты тарту көзделген.