Шығыстағы мемлекеттік кірістер департаменті мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлерік палатасы консалтингтік компания өкілдеріне, кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге арналған семинар ұйымдастырды. Жиын барысында мүлік пен көлік салығы, 250 және 270 нысандағы декларацияны тапсыру, кедендік тексеру мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы маңызды мәселелер талқыланды.

1 қазан күні Қазақстанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2023 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық күнтізбелік жылға есептеледі. Мамандар азаматтарды салықты дер кезінде төлеуге шақырды.

Бұдан бөлек, 4 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында «Чек алып, жүлде ұтып ал!» акциясы өтуде. Шараның мақсаты - көлеңкелі экономикамен күресіп, тұтынушылардың құқығын қорғау. Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Қаңдай да бір тауарды сатып алып, «Amian» қосымшасына чекті орналастыру керек. Осылайша бағалы сыйлыққа ие болуға мүмкіндік бар.

Семинар барысында декларация тапсыру тәртібі де пысықталды. Биыл елде декларация тапсыру 16 қыркүйекте аяқталды. Белгілі болғандай, 270 нысанды халықтың 88 пайызы, ал 250 нысанды 86 пайызы тапсырды.