«Шығыс Қазақстан университеті маңызды жобаларды жүзеге асыруда көшбасшы». Университетке арнайы келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Өңірлік оқу орыны берісі облыс, арысы республика үшін өзекті ғылыми жобаларды жүзеге асырып, тың жаңалықтармен бөлісіп келеді. Министр сапары аясында тағы бірнеше жобаның тұсаукесері өтті.

Оқу орыны уақыт көшінен қалмай, ғылым, білім беру саласында жаңа жобаларды қолға алып келеді. Мәселен, Инклюзивті бастауыш мектеп. Ең соңғы үлгіде жабдықталып, жұмыс істеп тұр. Мұнда келген балалар сөйлеулерін дамытады, ой шапшаңдығын арттырып, ұсақ моторикаға жұмыс істейді.

Инклюзивті бастауыш мектеп – облыс үшін ғана емес, ел үшін бірегей жоба. Жалпы, бұл іс министрліктің «Педагогикалық білімді жетілдіру» тұжырымдамасы арқасында қарқынды. Министрлік елдегі 16 университетті іріктеп, педагогтарды даярлау бағдарламаларына инклюзия принциптерін енгізген.

Кабинеттер «Shygys Bastau» өндірістік цехында дайындалатын арнайы жиһазбен жабдықталған. Министрге оқу орынында жасалып, бүгінде коммерцияландырылған бірнеше жоба таныстырылды. Мысалы, мына құрылғының нарықтағы бағасы 2,5 млн теңге. Университет небәрі 400 мың теңгеге дайындайды. Тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, дене қозғалысы шектелген ересектерге де ыңғайлы.

Университет әлемнің 30-дан астам еліндегі оқу орындар және ұйымдармен ынтымақтастық туралы 100-ден артық келісімшартқа ие. Технопарк тұсаукесерінде осы жайт айтылды. Министрмен пікір алмасқан италиялық ғалымдар «Біз үшін Астана, Алматы емес, Аманжолов сияқты өңірлік беделді университетпен тығыз жұмыс істеу пайдалы» деді.

Технопарк құрамына цифрлық технологиялар және модельдеу зертханалары, инновациялық технологиялардың ғылыми-өндірістік зертханасы кіреді.

Ал, бұл жастар болашақ энергетиктер, ядролық физика мамандары. Теориялық білімімізді әрдайым практика жүзінде бекітіп отырамыз, дейді.

Аманжолов университеті шетелдік озық білім беру тәжірибелерін үнемі ендіріп келеді. Әлемнің үздік оқу орындарының ғалымдары асқан қызығушылықпен тәжірибе жинап жүр.

Бүгінгі ғылым, білім беру жүйесі күрт өзгерістерге ұшырап жатыр. ШҚУ сол көштің басында.