Өткен жылы елде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске қосылған еді. Пилоттық жоба асында өңірде іске асқан шаралар легі ауқымды. Мәселен, Алтай ауданында үш бірдей жаңа медицина мекемесі салынады. Денсаулық сақтау нысандары Тұрғысын, Октябрьский және Феклистовка ауылдарында бой көтереді.
Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету. Сапалы қызмет көрсету көрсеткішін арттыру.
Жаңа нысандарда қажеттінің бәрі бар. Емделушілерді тіркеу, күту бөлмесі де қарастырылған.Құрылыс жұмыстары кестеге ссай жүріп жатыр, дейді, учаске бригадирі Мәди Базарханұлы.
Алтай ауданы Феклистовка ауылында шамамен үшжүзден астам халық бар. Мекеме қолданысқа берілсе тұрғындар қажетті көмекті аудан орталығыны бармай алуға мүмкіндік ашылады.