Б.Александров атындағы спорт сарайында өскемендік«Торпедо» мен павлодарлық «Ертіс» командасы кездесу өткізді. Бұл жергілікті құраманың хоккей маусымындағы алғашқы ойыны.

Хоккейден Қазақстан Чемпионатының алғашқы кезеңіне дейін торпедолықтар төрт кездесу өткізді. Бұл ойын олардың шыңдалып, турнир кестесінде алғашқы үштіктер тізіміне енуіне септігін тигізді.

Бірінші матчтың құрметіне спорт сарайының фойесінде әдемі безендірілген фотоаймақ арнайы жасалды. Оған клуб басшылығы мен команданың бас демеушісі «Қазцинк» компаниясы барын салды. Жанкүйерлер көңілін арнайы шақырылған аниматорлар көтеруге тырысты. Матч басталмас бұрын өндіріс ардагері, команданың тұрақты жанкүйері Юрий Рыльский символдық лақтыруды орындады. Ал үлкен экраннан клубтың жұлдызды шәкірттерінің құттықтаулары бар бейнеролик көрсетілді.

Маусымның алғашқы ойыны тартысты өтті. Алғашқы кезеңде торпедолық ойыншылар қарсылыс құрама қақпасына 5 шайба соқты. Ойын нәтижесі бойынша 11:2 есебімен «Торпедо» командасы жеңіске жетті.