Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы азаматтар арасында 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі, яғни 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. Үштен екісі «Қазақстанда АЭС салу идеясына қалай қарайсыз?» сұрағына оң көзқарас танытқан. Респонденттердің 22,3%-ы теріс пікірде. Шамамен 5%-ы жауап беруге қиналған. Телефон сауалнамасы нәтижесі бойынша респонденттердің 62%-ы азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізген.