Глубокое ауданы Краснояр ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп маңын қоқыстан арылтты. «Тазалық өз аулаңнан басталады» деген қағиданы берік ұстанған ауыл жұрты, табиғаты ерекше аумақты көздің қарашығындай сақтап, айналаны мұнтаздай таза ұстауға дағдыланған.

Игорь Кнуров Предгорное орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Еріктілер қатарында жүргеніне біраз жыл болды. «Таза Қазақстан» акциясы туған жердің табиғатын қорғауаға бағытталған жоба деп біледі.

Экологиялық акция аясындза әр мекеме қызметкерлеріне, белсенділерге белгілі бір аумақ бөлініп берілді. Бірі көше бойын, енді бірі мектеп айналасын қоқыстан тазартты.

Көктемде бастау алған шара ауданда әр апта сайын жоспарға сай белгіленген кесте бойынша жүзеге асырлуда. Осы жолы қураған ағаштар кесіліп, көшелер ретке келтірілді.

Мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуы маңызды. Себебі, қоршаған ортаны қорғау осы тазалықтан басталады.