Бүгінгі саяси науқанға шығысқазақстандықтар алғашқы сағаттан-ақ белсенді. Мамандардың есебінше, өңірде сайлау құқығына ие 487 824 адам бар. Облыста 538 референдум учаскесі құрылған. Олардың барлығы сағат 7.00- де белгіленген тәртіппен жұмысын бастады. Дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып Маржан Бадыганова келді. Ол осы уақытқа дейін бірде бір саяси науқаннан тыс қалмапты. Әркім өз таңдауын жасау керек дейді қала тұрғыны.