Ел үшін ерекше күнде әскерилер де шет қалмады. Өскемендегі әскери бөлім қызметкерлері республикалық референдумға қатысты. Офицерлер мен сержанттар таңдауларын жасады. Ал, сарбаздардың көпшілігі осындай саяси оқиғаға алғаш рет қатысқан.

Әскерилер ең алғашқылардың бірі болып учаскелер ашылғалы өз таңдауларын жасады. Темірдей тәртіптен бөлек, азаматтық белсенділік дегенді жақсы сезінеді. №58 учаске жұмысын бастағалы 27943 әскери бөлімінің сарбаздары маңызды оқиғаның қатысушылары атанды.

Жырақта жүріп, борышын өтеп жатқан жігіттер үшін бұл күн есте қалары даусыз. ҚР ҰҰ «Шығыс» ӨҚ қарасты 5518 әскери бөлімінің көп жауынгерлері үшін де алғашқы саяси оқиға. Осы күннің мән-маңызын, жауапты екенін сезіндік, дейді.

Әскери бөлімдегі бұл №121 референдум учаскесі таңғы алтыда ашылып, өз жұмысын басқа учаскелерден бір сағат ерте бастады. Өзгешелігі сол, әскери орында осындай науқан жабық түрде өткізіледі.

Әскерилердің айтуынша, осындайда азаматтық белсенділік танытқан абзал. Себебі, ел болашағы – өз қолымызда.